Үш ауылда спорт алаңы ашылды

Сарыбұлақ, И.Білтабанов, Талдысай ауылдық округтерінде пайдалануға берілген спорт алаңдарында жасөспірімдердің спортпен айналысып, шеберлігін шыңдауға барлық жағдай жасалған. Сарыбұлақ пен И.Білтабанов ауылдарындағы алаңдар жергілікті бюджет есебінен жасақталса, Талдысай ауылындағы спорт алаңы осы округте ірі асылтұқымды шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпкер Әсет Тілеуовтің демеушілігімен жасалды. Аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің мәліметінше, аудан тұрғындарының 30 пайыздан астамы спортпен шұғылданады. … Әрі қарай оқу Үш ауылда спорт алаңы ашылды